2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-38) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К.Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
_______________ Е.А.ДОСАЕВ
2015 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін
атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №187 бұйрығымен бекітілген
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және
оларға сертификат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-38) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуеайлақтырының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық авиацияда коммерциялық қызмет мақсатында пайдаланылатын сыныпталған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтары) сертификаттауға жатады.
3. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган);
2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттің әуеайлақты (тікұшақ айлағын), пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғасы.
4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
6) сертификаттық тексеру – әуеайлақты, оның жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, сондай-ақ өтініш беруші мамандар құзыреттілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігіне уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру;
7) бет үстінен көтерулі тікұшақ айлағы – көтеріңкі тұрған конструкцияда орналастырылған тікұшақ айлағы;
8) беттік деңгейдегі тікұшақ айлағы – жер бетінде немесе жер бетіндегі құрылыстың үстінде орналасқан тікұшақ айлағы, мәселен мұнай және газ өндіру үшін қолданылатын барлау және/немесе қолдануларды орнату;
9) тікұшақ алаңы- тікұшақ әуеайлағы, ашық теңізде қозғалмайтын немесе судың бетіндегі құрылғыда орналасқан.
4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-39) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органымен бекітілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға қойылатын жарамдылық нормаларының талаптары осы Қағиданың мақсаттары үшін сертификаттық талаптар болып табылады.
5. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және ол басқа тұлғаға берiлмейдi.
Сертификат осы Қағиданың 1, 2-қосымшаларындағы нысандарға сәйкес оның қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетiле отырып, бес жыл мерзiмге берiледi. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сертификат жарамсыз деп есептеледі.
Сертификаттық тексеру процесінде, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне белгіленген деңгейге балама ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін өтініш беруші қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, сонымен бірге бұрынғы әуеайлақтың сертификаттық және инпекциялық тексеру кезіндегі комиссияның ескертулерін жоймаған жағдайда шектеулі мерзімге сертификатты беру мүмкіндігін белгілейді. Сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті жою кезеңіне сертификат беру мүмкіндігі сертификаттық тексеру актісінде тиісті негіздемемен көрсетіледі.
6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтарды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) І, ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін 2012 жылдың 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
2. Сертификаттау тәртібі
7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсiмдердiң мынадай ретін көздейдi:
1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшадағы нысанға сәйкес өтiнiм беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын беріледі;
2) осы Қағидаға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес уәкілетті органның өтінiмі бойынша алдын ала бағалау және шешiм қабылдау;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган комиссиясының тиiстi жерге барып сертификаттық тексеру жүргiзуi;
4) уәкілетті органның шешiм қабылдауы және сертификат беруі (беруден бас тартуы).
Әрбiр кейінгі рәсiм алдыңғы рәсімнің оң нәтижелерi кезінде орындалады.
8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесі;
2) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарының көшірмесі;
3) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмесі;
4) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөніндегі диспетчер немесе радиооператор пункті жабдығының тізбесі;
5) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, метеорологиялық қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
6) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың көшірмесі (бірлесіп пайдаланатын әуеайлақтар үшін);
7) инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
8) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрі – АІР) енгізу үшін ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық; *
9) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тізбесі;
10) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтінім қайта берілген кезде);
11) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы; *
12) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алынатын алымның төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Ескертпе: *тікұшақ айлағына қолданылмайды.
9. Егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге тартылған болса, осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесіне ғылыми зерттеу ұйымдарының және тиісті құзыретті органдардың қорытындылары қоса беріледі.
10. Уәкілетті орган өтінім мен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды және қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарландыру жібереді.
11. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
3. Өтiнiмді алдын ала бағалау және ол бойынша шешiм қабылдау
12. Өтінiмдi алдын ала бағалау кезiнде:
1) өтiнiш берушінің заңды мәртебесiн растайтын құжаттардың болуы;
2) осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін құжаттардың болуы;
3) қарауға ұсынылған сертификаттау талаптарына сәйкестіктi растайтын құжаттаманың толықтығы;
4) инженерлік-техникалық персоналды оқыту және біліктілігін арттыру жоспарының болуы белгіленеді.
13. Өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында уәкiлетті орган:
1) өтiнiш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсiмдерi, нормативтік талаптар туралы хабардар етедi;
2) өтiнiш берушіге өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында анықталған кемшiлiктердiң тiзбесi бар жазбаша хабарламаны және оларды жою мерзімдері белгіленген ұсынымдарды жiбередi.
14. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім шығарады және күнтізбелік он бес күннің ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
15. Комиссияның құрамын уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын адам айқындайды.
4. Сертификаттық тексеру жүргізу және сертификат беру тәртібі
16. Комиссия сертификаттық тексеру кезінде сертификаттық тексеру жүргізу жеріне барады және:
1) әуеайлақ объектілерінің, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) геометриялық, физикалық сипаттамаларының және оның жабдықтарының әуеайлақ жөніндегі нұсқауға және сертификаттау талаптарына сәйкестігін;
2) әуеайлақты пайдалану рәсімдерін (әуеайлақты пайдалануға дайын күйде дайындығында ұстау бойынша жүргізілген жұмыстардың толықтығы);
3) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқару жүйесін (пайдаланушының әуеайлақты сертификаттау талаптарына сай келетін күйде ұстау мүмкіндігін бағалау);
4) ұйымдық құрылымды, штаттың жинақталуы және азаматтық авиация ұйымының (өтініш берушінің) басқару негізгі қағидаттарын;
5) ұйымдастыруда және азаматтық авиация ұйымының қызметін қамтамасыз етуде басшылық құрамның, сондай-ақ тікелей ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мамандардың тәжірибесін;
6) өтініш берушінің басқа ұйымдармен тиісті арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау құқығына жасасқан өзара іс-қимыл жасау шарттарының болуын, сондай-ақ авиация персоналын оқытуды;
7) функционалдық міндеттерді қамтамасыз ету үшін өндірістік алаңдардың санының жеткілікті болуын;
8) пайдалану техникалық құжаттардың болуын;
9) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымдарының өндіріс жабдықтары мен құралдарының техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерін) қарайды, өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттау және пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндірістік рәсімдерін;
10) әуеайлақтың заңсыз араласу актілерінен қорғалу жағдайын тексереді.
17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
18. Сертификаттық тексеру осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес сертификаттық тексерудiң үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледi.
19. Сертификаттық тексерудiң нәтижелері бойынша әуеайлақтың іс жүзіндегі жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкiндiгі (мүмкiн еместігі) туралы қорытынды көрсетіле отырып, екі данада осы Қағидаға 8-қосымшадағы нысанға сәйкес сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі – Акті) жасалады. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ол танысу үшін өтiнiш берушiге ұсынылады.
20. Сертификатты беру мүмкiндiгi туралы қорытынды қамтылған акті сертификат беру үшiн негiз болып табылады.
21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешімді ресімдеуді және беруді уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннің iшiнде жүргiзедi.
22. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер:
1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) азаматтық әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмесе;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы осы Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жүргізіледі.
23. Сертификатты беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.
24. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау талаптарын сақтамаса;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының қолданылуын жоғарыда көрсетілген жағдайларды анықтаған (тапқан) кезден бастап тоқтатады.
Анықталған кемшіліктер жойылғаннан және уәкілетті органға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін сертификаттың қолданылуын қалпына келтіруді сертификаттық тексеруден кейін уәкілетті орган жүзеге асырады.
25. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы тоқтата тұру негіздемесінің анықталған сәйкессіздіктерін жоймаса, уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағын) жарамдылық сертификатын қайтарып алады. 26. Сертификат қайтарып алынған жағдайда ол осы Қағидада көзделген тәртіппен қайтадан сертификаттау жүргізілгеннен кейін беріледі.
27. Сертификаттың қолданысын тоқтата тұрған немесе кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті орган сертификаттың иесіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Сертификаттың қолданысын тоқтату әуеайлақтың жарамдылығына сертификат берудің Мемлекеттік тізілімінен шығарылған сәттен бастап күшіне енеді.
Әуеайлақ пайдаланушысы уәкілетті органға хабарлама алғаны туралы дереу хабарлайды.
5. Сертификаттау талаптарынан шегіну
28. Уәкілетті органның келісімі бойынша әуеайлақты (тікұшақ әуеайлағын) пайдалануға жарамдылығы, егер ондай шегінулер белгіленгенге барабар ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз ететін қосымша шараларды енгізуімен өтелсе, нормаларынан уақытша шегінуге жол беріледі.
Бұл ретте ұшу қауіпсіздігінің барабар деңгейін (бұдан әрі – ҰҚБД) қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданады, сертификаттық құжаттама құрамына енгізілетін және сертификат алуға арналған өтінімге қоса берілетін қажетті құжаттама әзірленеді. ҰҚБД қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдау туралы құжаттама бағалау, тәуекелді басқару әдістемесінің негізінде жасалады және оған өтініш беруші мен ҰҚБД-ны әзірлеуге қатысқан ұйым қол қояды.
29. ҰҚБД бойынша құжаттаманы әзірлеу үшін өтініш беруші (әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағының) пайдаланушысы, иесі) тиісті ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыретті ұйымдарды тартуы мүмкін. Тәуекелді бағалау мақсатында ҰҚБД әзірлеуге дейін осы шараларға қатысты уәкілетті органнан консультация алуы қажет.
Уәкілетті органмен келісілгеннен кейін осы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) ҰҚБД қолданысқа енгізу туралы ақпарат он жұмыс күні ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқауға және аэронавигациялық ақпараттың басқа да құжаттарына енгізіледі.
30. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуіне әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерiстер болған жағдайда сертификатқа тиiсті өзгерiстер енгiзіледi. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу кезiнде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмiрi сақталады.
31. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу үшін сертификаттың иесі негiздемесімен, тиiсті өзгерiстердi растайтын құжаттармен қоса еркiн нысандағы өтiнiшті бередi.
32. Әуеайлақта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, әуе кемелерінің тұрақ орындарының, перрондарының физикалық, геометриялық сипаттамасына, жарық сигналдық, радиотехникалық немесе метеорологиялық жабдықтарды орнатуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, әуеайлақ объектілерін электрмен жабдықтауды қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға; талап етілетін өрттен қорғау деңгейі бойынша санатты өзгертуге; ИКАО-ның 15-қосымшасына сәйкес әуеайлақтың 2, 3 немесе 4-ауданында кедергілердің құрамы мен сипаттамасындағы өзгерістерге қатысты бөлікте әуеайлақта өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, сертификаттың иесі өзгерістерді есепке ала отырып, әуеайлақ объектісінің пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтайды және өзгерісті әуеайлақ нұсқауына енгізу үшін уәкілетті органнан мақұлдау алу үшін өтінім жолдайды.
Өзгерістерді ескере отырып, әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтау жұмысына қажеттілігіне қарай ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыретті ұйымдар тартылады.
33. Өзгерістерге мақұлдау алу үшін өтінім уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген ныcанда ұсынылады. Өтінімге сертификаттық құжаттардың өзгерістерге байланысты түзетулері қоса беріледі.
34. Берілген өтінім уәкілетті органға түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде қаралады.
35. Уәкілетті орган өтінімді қараған соң және қажет болған жағдайда әуеайлақты тексереді, уәкілетті орган сертификаттың иесіне қарау нәтижелері туралы хабарлайды және қажет болған жағдайда әуеайлақтың сертификатына өзгеріс енгізеді.
2015 жылғы 24 ақпандағы №187 Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-қосымша
нысан
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ
Серия АРД № _____
20__ жылғы «___» __________ берiлдi
20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды
1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы) ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жерi (әкімшілік және географиялық координаталары) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Әуеайлақтың иесi (заңды тұлға) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану талаптарына және жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады. Осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын сертификатқа қосымшада қолданылу саласында көрсетілген ережелер мен шектеулерді ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат етіледі.
6. Сертификатты беру үшiн негiз: ___________________________________________________________________
Комиссияның 20 жылғы « » ____________________ қорытындысы туралы акт ________________________________________________________________________________________________________________________________
(сертификатты берген орган басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
МО (егер бар болса)
________________________________________
(қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
Әуеайлақтың жарамдылық сертификатына қосымша
Серии АРД № __________
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Ұшу шарттары Кіру түрі және қону бағыты Ескертпе
№ Шектеулер
1
2
3
4
_______________________________________________________________________________________________
(сертификатты берген орган басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
МО (егер бар болса)
___________________________________________
(қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
2015 жылғы 24 ақпандағы №187 Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын
сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша
нысан
ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ
ВРД сериясы № _____
20__ жылғы «___» __________ берiлдi
20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды
1. Тiкұшақ айлағы (жерүсті, көтерілген және тікұшақ палубасындағы тікұшақ айлағының атауы)
_____________________________________________________________________________________________
2. Тiкұшақ айлағының орналасқан жерi (әкімшілік және географиялық координаталары) ___________________
_____________________________________________________________________________________________
3. Тiкұшақ айлағының иесi ______________________________________________________________________
4. Тiкұшақ айлағын пайдаланушы___________________________________________________________________
5. Тiкұшақ айлағының ИКАО бойынша сыныбы HI, HII __ H __ III __________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
6. Осымен тікұшақ айлағы осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қолданылу саласын есепке ала отырып, азаматтық тiкұшақ айлақтарын пайдалану талаптары мен жарамдылық нормаларына сәйкес келетiнi куәландырылады.
7. Сертификатты беру үшiн негiз: ______________________________
Сертификат 20 жылғы « » _________________________ қорытындысы туралы акт (тексеру парағы) ____________________________________________________________________________________________________________
(сертификатты берген орган басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
МО (егер бар болса)
(қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
Тікұшақ айлағының жарамдылық сертификатына қосымша
ВРД сериясы № ___________________
ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Ұшулар шарттары Қону бағыты Ескертпе
№ Шектеулер
1
2
3
4
______________________________________________________________________________________________
(сертификатты берген орган басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
МО (егер бар болса)
________________________________________
(қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)
2015 жылғы 24 ақпандағы №182 Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 3-қосымша
нысан
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттауды жүргiзуге ӨТIНIМ
1.___________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), оның мекенжайы)
атынан ______________________________________________________________________________________
(әуеайлақтың атауы)
___________________________________________негiзiнде әрекет ететiн ________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(басшының лауазымы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
____________________________________________________________________ (нормативтiк актiлердi көрсету және атауы) талаптарына сәйкес келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң сертификаттау талаптарына сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жүргiзудi сұрайды.
2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы, қону аспаптарын ескере отырып (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес немесе нақты кірулер) ұшу шарттары ________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
3. Қосымша ____________________________________________________________________________________
Басшы ________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)
М.О.
(егер бар болса) Күнi ____________________
2015 жылғы 24 ақпандағы №182 Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 4-қосымша
нысан
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттау жүргiзуге өтiнiм бойынша шешім
20__ жылғы «___» ___________
Сiздiң әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауға өтiнiмiңiзді және құжаттамаңызды қарап, мынаны хабарлаймыз:
1. Сертификаттық тексеру ____ бастап ___ кезеңiнде жүргiзiледi.
2. Тексеру Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының, сондай-ақ ___________________________________________________________ талаптарына сәйкес жүргiзiледi (нормативтік құжаттардың атауы)
3. Сертификаттық тексеруді мынадай құрамдағы Комиссия объектiлерді тексеру (сынау) жолымен жүзеге асырады:
Комиссия төрағасы _____________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
4. Жұмыстар 20__ жылғы «___» __________ № ____ өтiнiм негiзiнде жүргiзiледi.
Басшы ________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)
М.О.
(егер бар болса) 20__ жылғы «___» ___________
2015 жылғы 24 ақпандағы №187 Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 5-қосымша
нысан
Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық
сертификатына өтiнiш берушiнiң мiндеттемесi
Мен,___________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)
________________________________ осы арқылы әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) ______________________________________________________________________________________________________________________,
(нормативтiк құжаттардың атауы) сертификаттау талаптарына сәйкес келетiнiн, ұсынылған құжаттамадағы ақпарат әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкес келетiнiн куәландырамын және:
1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау талаптары мен нормативтiк құжаттаманың ережелерiне сәйкес пайдалануға және ұстауға;
2) аэронавигациялық ақпарат басылымдарында (АIP) қамтылған деректердiң әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
3) әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) сертификаттау және нормативтiк талаптарға сәйкессiздiктер анықталған кезде әуежайда ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шектеулерді дереу енгiзiп, уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлауға;
4) уәкілетті органнан әуеайлақ басшылығына, әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына (ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа) және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын және өрттерді сөндіру бойынша жедел жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге рұқсат алуға;
5) АIP-ге енгiзу үшiн дайындалған материалдарды уәкiлеттi органға бекiтуге уақытында жiберуге мiндеттенемiн.
Басшы ___________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)
МО
(егер бар болса) 2015 жылғы «____»________ №____
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидаларына 6-қосымша
Әуеайлақты сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы
Әуеайлақты пайдаланушының атауы ______________________________________________________________
Тексеру күні, бұйрықтың № ______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), комиссия мүшелерінің лауазымы _________________________________
_______________________________________________________________________________________________
№ Бағдарлама бойынша позициялардың нөмірлері және
тексерілетін элементтер Сәйкестік бағасы
(+/-) Сәйкессіздік позициясының нөмірі
1 2 3 4
1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасының жиынтығының болуы және сәйкестігі
1 Әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алу үшін сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім және құжаттар
2 Өтініш берушінің Жарғысы (құрылтай шарты)
3 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады
4 Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) ұйымдық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындауға жеткіліктілігі
5 Басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар
6 Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрамы мен мамандар жөніндегі деректер және сенімділігі, олардың сәйкестігі
7 Инженерлік-техникалық құрам, арнайы көлікті, әуеайлақ машиналары мен механизмдерін, арнайы жабдықтарды пайдалану жөніндегі мамандар бойынша деректер және оның дәйектілігі
8 Негізге алынып әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі және оның болуы. Солардың негізінде әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын құжаттарды зерттеу журналы
9 Солардың негізінде әуеайлақтың арнайы техникасына және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізілетін құжаттардың, жоспарлардың тізбесі мен бар болуы, радиостанцияларға рұқсаттар, лицензия (қолданылу мерзімі)
10 Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі нұсқау, анықталатын мәселелердің толықтығы. Белгіленген талаптарға сәйкестігі және енгізілетін өзгерістердің уақтылығы
11 Әуеайлақтың схемасы, негізгі объектілердің орналасуы. ӘК перронда және ТО орналастыру мен қозғалыстың схемасы
12 Doc 9774 AN\969 ИКАО сәйкес әзірленген әуеайлақ жөніндегі нұсқау
13 Әуеайлақтық арнайы техниканың тізбесі, егер олар болған жағдайда әуеайлақтың арнайы техникасы мен жабдықтарын жалға алу шарттарының (қолданылу мерзімі) көшірмелері
14 Ұшуды радиотехникалық және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама
15 Метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама
16 Авиациялық персоналдың біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуге арналған шарт
17 Авиациялық қауіпсіздікті және авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру жөніндегі жұмыстардың жоспарлары
18 Әуеайлақ аймағын ұстау
19 Жеке құрамға, арнайы техниканың, көліктер мен механизмдердің жүргізушілеріне медициналық қызмет көрсету (ауысым алдында медициналық тексеру)
20 Әуеайлақтың, ұшу-қону жолағының, рульдік жолағының, әуе кемелері тұрағы орындарының техникалық жай-күйі туралы ресми хабарланған аэронавигациялық ақпаратқа өзгерістерді жариялау
21 Пайдаланушының әуеайлақты күнделікті тексеруі
22 Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды әуеайлақта жоспарлау және орындау
23 Әуеайлақ, перрон бойынша арнайы техника, арнайы көлік, машиналар мен механизмдер қозғалысын ұйымдастыру
24 Әуеайлақ және оның маңайында қозғалатын көлік құралдарын басқару және олармен байланыс
25 Табиғаттан пайда болатын қатерлерге байланысты өткізілетін шаралар
26 Әуеайлақтың техникалық жарамдылығы туралы ақпаратты беру үшін жауапкершілік
27 Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әуежай қызметтерімен өзара іс-қимыл
28 Қозғалу қабілетінен айрылған әуе кемелерін ұшу-қону жолағынан тіркеп сүйреуге, алып кетуге арналған арнайы жабдықтарының тізбесі мен оның болуы
29 Инженерлік-техникалық құрамнан сынақ қабылдау және оларды күзгі-қысқы кезеңде (көктемгі-жазғы кезеңде) жұмысқа жіберу ведомосы
30 Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы навигация жағдайында әуеайлақты пайдалану, ұстау және жөндеу жөніндегі арнайы техника мен жабдықтарды, жеке құрамды дайындау жөніндегі құжаттама
31 Ұшу алаңы жай-күйінің журналы
32 Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында құрылыс жұмыстарын келісуді есепке алу журналы
33 Абоненттердің лақабы мен радио арқылы сөйлесу фразеологиясы
34 Әуеайлақта және әуеайлақ маңайында биік кедергілер мен объектілерді жарықпен қоршау
35 Әуеайлақ жамылғыларының ақаулары
36 Топырақтың ұшу-қону жолағының мүмкіншілігін бере алатын топырақ тығыздығының көрсеткіштерін анықтау
37 Әуе кемелері тежеулерінің жай-күйін бағалау әдістері мен құралдары
38 Қарлы НОТАМ бойынша ақпараттарды жүргізу, толтыру және беру
39 Метрологиялық жұмыстарды жүргізу, міндетті тексеруге жататын өлшеу құралдарының тізбесі, МЕМСТ талаптары мен стандарттарды сақтау
40 Аудиторлық анықтама және қаржылық жай-күйі туралы анықтама
2. Өндірістік база
1 Жалға алынған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға арналған келісімдердің бар болуы
2 Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын төмен түспейтін шығыс материалдарының, химикаттардың, арнайы сұйықтықтардың бар болуы
3 Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын әуеайлақтық арнайы техника мен жабдықтарының тізбесі, олардың техникалық жай-күйі, олардың радиостанциялармен, жарқылдауық оттармен жабдықталуы
3. Жұмыстарды жоспарлау
1 Әуеайлаққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу жұмыстарын жоспарлау бойынша құжаттама жүргізу
2 Инженерлік-техникалық құрамның, жұмысшылар мен қызметкерлердің дайындығы, жаттығуы және білімін тексеру жоспарының, кестесінің бар болуы және оны жүргізу
3 Нақты үлгідегі арнайы техникада дербес жұмыстарға рұқсат беру үшін жеке құрамды даярлау және тексеру
4 Мамандығы бойынша біліктілігін растау және жоғарылату
5 Жеке құрамның тиісті куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзарту
6 Жүргізуші құрамын даярлау және олардың сыныбын жоғарылату
7 Әуеайлақта дербес жұмысқа рұқсат беру тәртібінің сақталуы
8 Кадрларды даярлау
9 Нормативтік құжаттаманың бақылау даналарының бар болуы
10 Жоспарланған кезеңге арналған теориялық дайындық жоспары мен тақырыбы
11 Оқытушылар құрамы және оларда пәндер бойынша бекітілген конспектілердің бар болуы
12 Оқу сабақтары үшін үй-жайлардың бар болуы және олардың жай-күйі, оларда өндірістік санитария талаптарының, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы
13 Оқу-әдістемелік базаның жабдығы: техникалық, әдістемелік бөлмелер, техникалық кітапхана, азаматтық авиация бойынша әдістемелік құжаттар, оқу көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары мен әдістемелік әзірленімдер
4. Ақпараттық қамтамасыз ету
1 Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпарат (бұйрықтар мен нұсқаулар) түсуінің уақтылығы
2 Нормативтік және басшылық құжаттарға өзгерістердің келіп түсуі және оларға енгізу
3 Пайдаланушының жеке құрамға ұшу қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар, нұсқаулар мен ақпараттарды жеткізу және зерделеу уақтылығы
5. Әуеайлақтың физикалық сипаттамалары
1 Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемі
2 Ұшу және қону дистанциялары
3 Кедергілерді шектеу және есепке алу
4 Жасанды жамылғылардың беріктігі
5 Жасанды жамылғылардың жай-күйі
6 Әуеайлақ жамылғыларының күндізгі таңбалауы
7 Кедергілер мен объектілердің күндізгі таңбалауы
8 Әуеайлақтың жарияланған санатының физикалық және геометриялық сипаттамаларының сәйкестігі
6. Радиотехникалық жабдықтар
1 Радиотехникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және оларға сертификаттар
2 Радиолокациялық жабдықтар
3 Навигациялық және қону жабдықтары
4 Байланыс жабдықтары
5 Әуе қозғалысын басқару орталықтарының жабдықтары
6 Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және әуе қозғалысын басқару объектілерін энергиямен жабдықтау
7 Жердегі сынақтар актілері, хаттамалары
8 Ұшуды тексеру актілері
9 Радиотехникалық жабдықтарының әуеайлақтың жарияланған санатына сәйкестігі
7. Жарық-сигнал жабдықтары
1 Жарық техникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және оларға сертификаттар
2 Аэронавигациялық оттар
3 Аэронавигациялық жарық маяктары мен кедергілерді жарықпен шектеу
4 Әуеайлақ белгілері
5 Маркерлер
6 Ұшуларды жарық-техникалық қамтамасыз ету объектілерін энергиямен жабдықтау
7 Жердегі сынақтар актілері, хаттамалары
8 Ұшуды тексеру актілері
9 Жарық-сигнал жабдығының ә